Халық Банк Big Data технологиясы базасындағы деректер фабрикасы жобасы

Индустрия:
Банктер және қаржы
Шешім:
Data Governance, Деректер фабрикасы, көлі және қоймасы (Data Lake, DWH)
Өнім:
Informatica

БИЗНЕС-МІНДЕТ

Халық Банк («Қазақстанның Халық Банкі» АҚ) – Қазақстанның ең ірі коммерциялық банкі. Банк басшылығы алдында ғаламдық міндеттер тұрды:

  • Ұсыныстарды дербестендіру және транзакциялық белсенділікті ынталандыру арқылы банктің комиссиялық табысын арттыру;
  • Data Governance тұжырымдамасы аясында аналитика мен ЖИ бірыңғай кеңістігі мен құралдарын құру;
  • Банк клиенттеріне қатысты бизнес-гипотезаларды іске қосу және тестілеу үшін деректердің икемді масштабталатын платформасын әзірлеу;
  • Клиенттік тәжірибені жақсарту мақсатында ЖИ құралдарын жұмыстың түрлі сегменттеріне енгізу; антифрод, AML, зияткерлік байланыс орталығы жүйелерін және өзге де бастамаларды іске асыру.

ШЕШІМ

DIS Group компаниясы іске асырған деректер фабрикасын құру жобасы осының шешіміне айналды.

Жоба Халық Банктің бөлшек бағытын ғана емес, корпоративті және SME-бағытын да қамтыды. Бүгінде енгізу жұмыстары жалғасып жатыр; деректер фабрикасы клиенттермен өзара әрекеттестікке қатысы бар шешімдер қабылдаудың барлық дерлік процесіне интеграцияланады: cross sell-ге және up-sell-ге, тәуекелдерді бағалауға және алаяқтықпен күреске (антифрод), AML-ге және байланыс орталығындағы предиктив қызмет көрсетуге, берешек туралы хабарламалар генерациясына (soft-collection) және банктің басқа да процестеріне.

Банктің түрлі бөлімшелері әрекетін үйлестірумен бірге қолданылған клиенттермен өзара әрекеттестік арналарын автоматтандыру және оркестрлеу, олардың клиенттік тәжірибесін айтарлықтай жақсарта отырып, жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да дербес қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.

Деректер фабрикасы негізінде бірінші кезекте Informatica компаниясы өнімдерінің проприетар платформаларын да, бастапқы коды ашық инновациялық шешімдерді де пайдаланып құрылған жаңа гетероген қойма жатыр. Ондағы деректер барлық ішкі корпоративті және сыртқы дереккөздерден шоғырланады.

НӘТИЖЕ

Деректер фабрикасы жобасы Халық Банктің соңғы 10 жыл ішіндегі ең күрделі инфрақұрылымдық жобасы болды.

Бүгінде деректер фабрикасы көмегімен әр секунд сайын бәсекелестерге қарағанда тиімді шартпен несие беру бойынша және клиенттер тарихы мен олардың қазіргі жағдайын, оның ішінде олардың мінез-құлық сипаттамалары мен жеке қалауларын ескере отырып, банк өнімдерінің және банк экожүйесі өнімдерінің дара ұсыныстарын дайындау бойынша 10 мыңнан аса шешімдер қабылданады.

Дайындалған ұсыныстар клиенттермен коммуникация жасаудың әртүрі арналары арқылы автоматты түрде жіберіледі, бұл ретте ағымдағы қолжетімділігіне, өнімділігіне және клиент үшін өзектілігіне қарай, арна таңдаудың ақылды оркестрлеуі қамтамасыз етіледі. Нақты уақыт режиміндегі талдау клиенттердің маңызды оқиғаларына ден қоюға, сондай-ақ банк өнімдеріне тарту мақсатында олармен коммуникация жасауға мүмкіндік береді.

Халық Банкте құрылған деректер фабрикасы GlobalCIO басылымы ұйымдастырған «Жыл жобасы-2021» конкурсының «Аналитика және Big Data» номинациясында 1-ші орын иеленді.

«Big Data технологиясы базасындағы деректер фабрикасының жобасы бизнес тарапынан технологияға деген сенімді ұялатып, пайыздық табысты арттыруға мүмкіндік берген алғашқы нақты қаржы нәтижесін қазірдің өзінде көрсетті»
Антон Мусин
Халық Банк Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары
Продолжая пользоваться сайтом, вы даёте Согласие на автоматический сбор и анализ ваших данных, необходимых для работы сайта и его улучшения, использование файлов cookie.