Beeline Қазақстан Деректердің үлкен көлемін сақтауға арналған Arenadata DB

Индустрия:
Телекоммуникация
Шешім:
Data Governance

БИЗНЕС-МІНДЕТ

Beeline Қазақстанда клиент деректерін талдау үшін Business Intelligence және Big Data шешімдері салыстырмалы түрде ертеден қолданылып келеді. Компания осы жылдар ішінде қосымша қызметтерді ілгерілету үшін қолдануға болатын елеулі клиенттер базасын жинап алды.

Компания деректерден одан сайын көп пайда табу үшін 2018 жылы DMP (Data Management Platform) енгізу бойынша жобаны орталықтандырылған түрде іске қосу туралы шешім қабылдады.

ШЕШІМ

Бұл платформа үшін технология таңдаған кезде, ең алдымен, ресейлік Beeline компаниясының тәжірибесі ескерілді. Алайда әріптестердің жетістігін қайталау жеткіліксіз еді. Деректер сөресін құру бойынша процестерді негізгі қоймадан деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеуге арналған арнаулы базаға шығару да жоспарланды.

Бұл міндет үшін жаппай параллель сәулеті бар шешімдер (деректер кластердің жекелеген тораптарында сақталады және өңделеді) өзін жақсы көрсетті. Олар жад көлемі үлкен сервер жабдықтарына кететін шығындарды азайтуға, сондай-ақ деректердің біртұтастығын бұзбайтын бұзылуға тұрақтылықтың жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мұндай шешімдердің оңай масштабталатыны да аса маңызды болды. Нақты бағдарламалық өнімді таңдау ғана қалды. Ол үшін Beeline Қазақстан қызметкерлері мұқият түрде ресурстарды бағалап, кейстерді пысықтап шықты, содан соң бірнеше шешімді таңдап алып, АТ-хабы базасында пилоттық жобаны іске қосты.

Пилот барысында америкалық Hortonworks және ресейлік Arenadata компаниялары шешімдеріне таңдау түсті. Толыққанды талдау жүргізу нәтижесінде, файлдық ақпараттың негізгі Hadoop қоймасы ретінде Hortonworks және Greenplum технологиясы базасындағы MPP (massively parallel processing) тұжырымдамасын пайдаланатын, ашық бастапқы коды бар, аналитикалық, бөлінген ДҚБЖ ретінде — Arenadata DB (ADB) шешімі таңдалды. Arenadata DB шешімі Hadoop деректері негізінде құрылған деректер сөрелері қоймасы қызметін атқарады. Arenadata және DIS Group (Қазақстанда Arenadata компаниясы атынан өкілдік етеді) мамандарының енгізу кезінде консультация беруге және өз сараптамасын арттыруда белсенді көмек көрсетуге дайындығы таңдау кезінде үлкен маңызға ие болды.

НӘТИЖЕ

Beeline Қазақстанда құрылған, үлкен деректермен жұмыс істеу экожүйесі клиенттер базасын қала аудандарына дейінгі аумақтық белгілер бойынша тиімді сегменттеуге көмектеседі. Осы білімнің арқасында компания қызметкерлері жер-жердегі ахуалды жақсырақ түсіне алады, басшылықты хабардар ете алады, өңірлік баға ұсыныстарын баптау және оларды нарыққа шығару бойынша іс-шараларды жоспарлай алады.

Абоненттердің мінез-құлық параметрлеріне, олар тұтынатын қызметтер туралы ақпаратқа сүйеніп, компания әр клиенттің профилін құра алады, оның қажеттіктерін, проблемаларын түсініп әрі талдап, ең қолайлы қызметтерді ұсына алады. Осылайша Beeline Қазақстан өзінің абоненттер базасын ойдағыдай сақтап, клиенттің бәсекелеске ықтимал кетуінің алдын алады.

Beeline Қазақстан қызметтеріне клиенттердің қанағаттануын бағалауға көмектесетін NPS (ағыл. Net Promoter Score) индексін өлшеу бойынша компания бастамасы туралы бөле-жара айтқан жөн. Ол үшін сауалнама жүргізу қажет, компанияға наразылығын айтып жүгінген немесе жекелеген қызмет алған абоненттер іріктемесі дайындалып жатыр. Сауалнама жүргізу және нәтижелерді талдау арқылы қанағаттанудың жалпы көрінісі қалыптасады және бұл индекс деңгейі төмен клиенттермен қосымша жұмыс жүргізіледі.

Осы жаңашылдықтың барлығы Beeline Қазақстанға өз клиенттеріне дербес ұсыныстар жасауға, АТ шығындарын азайтуға, оның ішінде деректерді сақтау құнына қатысты үнемдеуге, нарықтағы өзгерістерге жылдам ден қоюға мүмкіндік береді.

Продолжая пользоваться сайтом, вы даёте Согласие на автоматический сбор и анализ ваших данных, необходимых для работы сайта и его улучшения, использование файлов cookie.