Деректерді
интеграциялау

Уақыт – компанияның басты ресурсы. Бизнес үшін маңызды деректерді нарықтың өзге қатысушыларынан бұрын алып, жобаларды жылдамырақ іске қосыңыз.

Деректерді интеграциялау – Data Integration, ETL solutions

Онлайн-аналитика нарықтағы ахуалды болжап, стратегиялық шешімдер қабылдауға көмектеседі. Ол компания жинақтаған, орасан деректер ауқымына сүйеніп құрылады. Бұл деректің барлығы әрқайсысы өз тілінде «сөйлеуі» мүмкін, түрлі дереккөз-жүйелерде сақталады. Әмбебап «аудармашының» көмегінсіз деректермен алмасу және оларды талдау бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созылуы мүмкін. 

ETL жіктелімінің шешімдері – түрлі жүйелерге арналған дәл сол «аудармашылар».

Деректерді интеграциялау деректерді дұрыс, тиімді әрі жылдам көшіру мен түрлендіруді қамтамасыз етеді. Кейін оларды бизнес үшін аса маңызды аналитика немесе есептілік процестерінде қолдануға болады.

«ETL-шешімді енгізу арқылы деректермен орташа алғанда 16 %-ға жылдам жұмыс істей аламыз. Операциялық тиімділіктің айқын өсімі нақты бизнес-әсерге айналды. Бүкіл әлем үшін дағдарыс жылы болған 2020 жылдың өзінде Банк көрсеткіштері көзделген деңгейден 20-40 %-ға асқан еді. 2014 жылы белсенді трансформация басталғалы бері Банктің несие портфелі 10 есе дерлік өсті, бұл ретте қызметкерлер саны 27 %-ға ғана көбейді.»
Нұрсейіт Бозжанов
«Отбасы банкі» АЖ дамыту және қолдау департаментінің директоры
Ақпарат алу жылдамдығы 60 %-ға дейін артады
Операциялық тиімділігі артады
Есептердің, соның ішінде реттеушілерге арналған есептердің сенімділігі артады
Есептер бірнеше сағат немесе күн ішінде емес, санаулы минут ішінде дайын болады

Өнімдер мен шешімдер

Informatica PowerCenter
Интеграция саласында компания алдында тұрған кез келген міндетті тиімді орындауға мүмкіндік беретін деректерді интеграциялаудың жетекші өнеркәсіптік платформасы
Толығырақ
Informatica B2B Data Exchange
Бұл өнім түрлі деректерді өңдеу кезіндегі қиындықтарды еңсеру бойынша міндеттер атқарады
Толығырақ
Data Engineering Integration
Интеграция саласында компания алдында тұрған кез келген міндетті тиімді орындауға мүмкіндік беретін деректерді интеграциялаудың жетекші өнеркәсіптік платформасы
Толығырақ
Data Engineering Streaming
Заттар интернетінен және басқа дереккөздерден келетін ағындық деректерді жедел өңдеуге, олардан нақты бизнес үшін маңызды мәліметтер алуға мүмкіндік беретін, масштабталатын шешім
Толығырақ

Тәуелсіз аналитикалық компаниялар есептері

IDC MarketScape зерттеуі 2020 жылы Informatica компаниясын деректер каталогі нарығының көшбасшысы деп таныды
Gartner Informatica-ны қатарынан 5-ші рет метадеректерді басқару саласындағы көшбасшы деп таныды
Продолжая пользоваться сайтом, вы даёте Согласие на автоматический сбор и анализ ваших данных, необходимых для работы сайта и его улучшения, использование файлов cookie.