Informatica Axon Data Governance

Корпоративтік деректерді басқаруға арналған көшбасшы шешім
Informatica Axon Data Governance
Data Governance: деректерді басқару нұсқаулығы
Электронды кітап ->
Тиімді цифрлық трансформация үшін деректерді басқару
Электронды кітап ->

Өнім туралы

Informatica Axon Data Governance – корпоративтік деректерді басқаруға және жаңа буынның Data Governance бастамаларын іске асыруға арналған платформа.

Бүгінде ұйымдар деректерге қатысты бірқатар проблемаға тап болып отыр. Оның ішінде кең тарағаны — нашар құрылымдалған және қолдану қиын деректер, түрлі бөлімшелер, бөлімдер, жұмыс топтары арасындағы деректерде біркелкілік пен өзара байланыстың жоқтығы.

Informatica Axon Data Governance сарапшылардың, иелердің, аналитиктердің, пайдаланушылардың білімі мен күшін біріктіріп, бизнес үшін ең маңызды ақпараттық активтер жүйесін құруға мүмкіндік береді. Платформа деректер туралы білімнің барлығын шоғырландыруды қамтамасыз етеді, ол біліммен жұмыс істеуді құрылымдайды және деректер бизнеске қалай ықпал ететінін, олар қандай бизнес-контекспен байланысты екенін түсінуді жеңілдетеді.

Кешенді шешім талдаудың кез келген міндеттеріне және деректер сапасын жүйелі түрде жақсартуға арналған икемді инфрақұрылым құрады, бұл клиентке арналған шешімдерді жылдам әзірлеп, енгізуге және операциялық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Деректерді өңдеу мен сақтауды орталықтандыру есебінен инфрақұрылымға және компания жобалары үшін деректер дайындауға кететін шығындар азаяды. Қызметкерлер бірыңғай пайдаланушы порталы арқылы кез келген объектінің және деректер жиынтығының сипаттамасына лезде рұқсат алады. Компания клиенттерінің қалауын алдын ала болжап, ұсыныстарды дербестендіре алады.

Үздік шешімдерді қолданыңыз. Демоға дәл қазір тапсырыс беріңіз

Негізгі
мүмкіндіктер

Түйсікке негізделген навигация, керек деректі тез арада тауып алу мүмкіндігі
Саясат пен стандарттарды қолданыстағы бизнес-процестер мен жобаларға байластыру мүмкіндігі
Бірыңғай түсінікті негіз құру, терминдерді тез әрі ыңғайлы іздеп табуды, байланыстарды талдауды қамтамсыз ету мүмкіндігі
Жұмыс істеуге, әріптестерге көрсетуге, экспортқа арналған интерактивті дара интерфейс құру опциясы
Бірлесіп жұмыс істеу кезіндегі икемділік, түрлі бөлімше мамандарына тапсырмалар бөлудің оңайлығы
Жауаптыларды көрсету, қолмен және автоматты режимде өзгеріс енгізуге сұратымдар жасау мүмкіндігі
Сізге қажет болуы мүмкін
Informatica Enterprise Data Catalog
Жасанды интеллектіге сүйеніп жасалған деректер каталогі сізге компанияңыздың барлық ақпараттық активін жіктеуге және барынша пайдалануға мүмкіндік береді
Informatica Data Quality
Шешім деректер сапасын талдауға, деректерді стандарттауға және тазалауға, телнұсқаларды анықтауға, мониторинг жүргізуге және деректер сапасы бойынша есептілік алуға мүмкіндік береді
Informatica PowerCenter
Деректерді интеграциялау, синхрондау, деректер қоймасын құру саласында компания алдында тұрған кез келген міндетті тиімді орындауға мүмкіндік беретін деректерді интеграциялаудың жетекші өнеркәсіптік платформасы
Продолжая пользоваться сайтом, вы даёте Согласие на автоматический сбор и анализ ваших данных, необходимых для работы сайта и его улучшения, использование файлов cookie.