Деректерді басқару бойынша платформа құру

Индустрия:
Мұнай-газ және энергетика
Шешім:
Data Governance, Деректер фабрикасы, көлі және қоймасы (Data Lake, DWH), Шебер-деректерді басқару (MDM)
Өнім:
Informatica

Бизнес-міндет

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-да басқарушылық шешімдер сапасы мен жеделдігін арттыру және шындықтың бірыңғай нұсқасын ұйымдастыру қажеттігі туындады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, қайта өңдеуге және сервис қызметтерін көрсетуге дейінгі тұтастай өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады.

Компанияда жоғары және орта менеджмент деңгейіндегі басқарушылық шешімдер сапасы мен жеделдігін арттыру қажеттігі туындады. Сондай-ақ Холдингтің барлық бағыты бойынша шындықтың бірыңғай нұсқасын ұйымдастыру қажет болды.

Жобаның қиындығы бизнестің түрлі бағыттарын қамтитын және клиенттер үшін ел ішінде де, шетелде де тапсырыс орындайтын компания ерекшелігінде болды.

Шешім

Жобаны іске асыруда Arenadata DB, Informatica Power Center, Informatica Product 360, Informatica MDM Multidomain Hub, Informatica Axon Data Governance және Informatica Enterprise Data Catalog шешімдері қолданылды.

Бағдарламалық-аппараттық кешеннің негізі Arenadata DB ДҚБЖ базасындағы деректердің гетероген қоймасынан тұрды. Ол Informatica Power Center-дің ETL-шешімдерін пайдалана отырып, түрлі корпоративті ақпараттық жүйелермен және деректердің басқа дереккөздерімен интеграцияланған.

Деректер сапасын тексеру, сондай-ақ оларды профильдеу мен байыту Informatica Data Quality шешімін пайдалана отырып жүзеге асады.

Нормативтік-анықтамалық ақпаратты Тауарлар/Жұмыстар/Қызметтер бөлігінде, сондай-ақ бизнес-серіктестер (контрагенттер) бөлігінде басқару Informatica Product 360 және Informatica MDM Multidomain Hub шешімдері негізінде жүзеге асырылады. Анықтамалықтарды қалыптандыру және орталықтандыру жұмысына түрлі өңірден көптеген маман тартылды.

Қоймада іске асатын бизнес-көрсеткіштердің барлығы Informatica Enterprise Data Catalog (EDC) құралдары арқылы деректердің (data lineage) түрлі ақпарат дереккөздерінен алынғанын анықтайтын Informatica Axon Data Governance жүйесінде сипатталған.

Нәтиже

Платформа бизнестің түрлі бағыттарын және компанияның операциялық бөлімшелерін қамтиды. Бұл ЕАЭО аумағында деректерді басқару саласындағы ең ауқымды жобалардың бірі.

Жаңа платформа:

  • Компанияның маңызды көрсеткіштерін 24/7/365 режимінде бақылап отыруға;
  • Шешім қабылдайтын тұлғаларға кез келген уақытта ең дәл әрі өзекті ақпарат пен аналитика беруге;
  • Стратегиялық шешімдер қабылдауды жылдамдатып, оларды сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

 

Назар аударыңыз!

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да «Деректерді басқару бойынша корпоративті платформа құру» бірегей жобасы GlobalCIO порталының «Жыл жобасы» конкурсына қатуда!

Продолжая пользоваться сайтом, вы даёте Согласие на автоматический сбор и анализ ваших данных, необходимых для работы сайта и его улучшения, использование файлов cookie.