Informatica Data Quality бапталатын бизнес-қағидалар деңгейінде деректер сапасын талдауға, деректерді стандарттауға және тазалауға, тазартылған және стандартталған деректер үшін телнұсқаларды танып білуге және анықтауға, деректерді шоғырландыруға, мониторинг жүргізуге және деректер сапасы бойынша есептілік алуға мүмкіндік береді.
Informatica Data Quality-ді пайдалану бизнес пен IT-дің тиімді бірлескен жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Шешім сәулетшілер мен аналитиктерге жазбалар арасындағы байланысты анықтауға, деректерді біріздендіру мақсатында жазбалардың телнұсқаларын анықтап, жоюға мүмкіндік беретін ықтимал және айқын емес іздеу (Fuzzy logic) алгоритмдері көмегімен деректерді салыстыру мен стандарттауға арналған көптеген қуатты әрі икемді мүмкіндіктерді қамтиды.
Informatica Data Quality бизнес-мамандарға деректер сапасын тексеру мен қамтамасыз ету бойынша шешімдерді басқаруға мүмкіндік берсе, бұл өз кезегінде бизнес жұмысындағы қатерлерді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл бағдарламалық жасақтама интеграциялық жобаны әзірлеу мен іске асыру кезінде әзірлеушілер өнімділігін арттырып, деректер сапасына ықпалды азайтады.