Технологиялардың, атап айтқанда заттар интернетінің дамуының арқасында ұйымдар нақты уақыт режимінде деректер алады: мысалы, биржалық есептер, транзакциялар, сайттағы сілтемелерді басу, қоршаған ортаның өзгеруі туралы деректер. Мұндай деректердің ерекше құндылығы бар, өйткені олар заңдылықтарды анықтауға, қоғамның көңіл-күйін анықтауға, қауіп-қатерлерді уақытында қадағалауға, гипотезаларды қалыптастыруға және пысықтауға мүмкіндік береді.
Дегенмен көптеген ұйымдар мынадай мәселеге тап болады: заттар интернеті мен басқа дереккөздер арқылы генерацияланатын деректер өте тез – мамандардың оларды сұрыптауы мен талдауынан әлдеқайда тез жинақталады. Сондықтан көбінесе тиімді шешімдерді қабылдауға себептесудің орнына ағындық деректер уақытты алып, бизнесті икемсіз етеді.
Ұйымдар деректерді нақты уақыт режимінде талдай алатын болса ғана максималды пайда көре алады. Дәл осы жерде Data Engineering Streaming – заттар интернетінен және басқа дереккөздерден келетін ағындық деректерді жедел өңдеуге, олардан нақты бизнес үшін маңызды мәліметтер алуға мүмкіндік беретін, масштабталатын шешім көмекке келеді.