Кез келген компанияның бизнесін дамытудағы маңызды факторлардың бірі — оның бизнес-серіктестерімен және тапсырыс берушілерімен тығыз ынтымақтастық. Дегенмен талаптардың артып бара жатқан сан алуандығы олардың арасында деректер алмасуда айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Informatica B2B Data Exchange келесі белгілерге ие әртүрлі деректерді өңдеудегі қиындықтарды еңсеру мәселелерін шешеді:
- Деректердің күрделі құрылымы немесе оның болмауы,
- Форматтардың, хаттамалардың және салалық стандарттардың бытыраңқылығы,
- Деректердің үлкен көлемі.
Тапсырыс берушілер мен серіктестердің жаңа деректеріне қойылатын әртүрлі талаптарға бейімделе алатын икемді informatica B2B Data Exchange инфрақұрылымының арқасында компаниядағы операциялық тиімділік пен шешім қабылдау жылдамдығы артады, сондай-ақ пайдаланылатын барлық деректің тұтастығы қамтамасыз етіледі.