Деректерді
интеграциялау
Уақыт – компанияның басты ресурсы. Бизнес үшін маңызды деректерді нарықтың өзге қатысушыларынан бұрын алып, жобаларды жылдамырақ іске қосыңыз.
Деректерді интеграциялау – Data Integration, ETL solutions
Онлайн-аналитика нарықтағы ахуалды болжап, стратегиялық шешімдер қабылдауға көмектеседі. Ол компания жинақтаған, орасан деректер ауқымына сүйеніп құрылады. Бұл деректің барлығы әрқайсысы өз тілінде «сөйлеуі» мүмкін, түрлі дереккөз-жүйелерде сақталады. Әмбебап «аудармашының» көмегінсіз деректермен алмасу және оларды талдау бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созылуы мүмкін.
ETL жіктелімінің шешімдері – түрлі жүйелерге арналған дәл сол «аудармашылар».
Деректерді интеграциялау деректерді дұрыс, тиімді әрі жылдам көшіру мен түрлендіруді қамтамасыз етеді. Кейін оларды бизнес үшін аса маңызды аналитика немесе есептілік процестерінде қолдануға болады.
«ETL-шешімді енгізу арқылы деректермен орташа алғанда 16 %-ға жылдам жұмыс істей аламыз. Операциялық тиімділіктің айқын өсімі нақты бизнес-әсерге айналды. Бүкіл әлем үшін дағдарыс жылы болған 2020 жылдың өзінде Банк көрсеткіштері көзделген деңгейден 20-40 %-ға асқан еді. 2014 жылы белсенді трансформация басталғалы бері Банктің несие портфелі 10 есе дерлік өсті, бұл ретте қызметкерлер саны 27 %-ға ғана көбейді.»
Ақпарат алу жылдамдығы 60 %-ға дейін артады
Операциялық тиімділігі артады
Есептердің, соның ішінде реттеушілерге арналған есептердің сенімділігі артады
Есептер бірнеше сағат немесе күн ішінде емес, санаулы минут ішінде дайын болады
Өнімдер мен шешімдер
Тәуелсіз аналитикалық компаниялар есептері
IDC MarketScape зерттеуі 2020 жылы Informatica компаниясын деректер каталогі нарығының көшбасшысы деп таныды
Gartner Informatica-ны қатарынан 5-ші рет метадеректерді басқару саласындағы көшбасшы деп таныды