Зияткерлік жұмыс орны

Өнімділігі мен қатысуын арттыра отырып, қызметкерлер жұмысын жақсартыңыз

Жұмыстың барынша қарапайым тәсілі

Қазіргі кезде қызметкерлер үшін кез келген жерден, кез келген құрылғыдан және кез келген уақытта жұмыс істей алу мүмкіндігінің болуы аса маңызды.
Қанша қызметкер қашықтан жұмыс істейтіні маңызды емес – біреу болсын, жүздеген қызметкер болсын: цифрлық жұмыс кеңістігіне арналған біздің шешімдеріміз оларға бірлесіп аса нәтижелі жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Ал АТ-мамандары үшін адамдарды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету оңайлай түседі және оны «дәстүрлі» технологиялармен салыстырғанда қауіпсіз әрі жылдам етеді.
Қызметкерлерге нәтижелі әрі жайлы жұмыс үшін Компания ресурстарына жай ғана қолжетімділікке қарағанда, анағұрлым елеулі зат керек.
Сізге қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз етіп, бастама мен шығармашылық үшін мүмкіндік ашатын цифрлық жұмыс кеңістігін құру қажет.
Қай жерде орналасқанына, қай құрылғыдан жұмыс істеп отырғанына және желі сапасы қандай екеніне қарамастан, күн сайын өз міндеттерін үздік орындау үшін қызметкерлерде қажеттінің барлығы болуы керек.
Citrix digital workspace шешімдері компанияларға жаңа, анағұрлым тиімді жұмыс процестерін құруда еркіндік пен икемділікті қамтамасыз етеді.
Икемді кесте мен қашықтан жұмыс істеу негізі – қызметкерлердің қай жерден және қандай құрылғыдан жұмыс істеп отырғанына қарамастан, деректеріңіз бен ақпаратыңыздың қорғалғанына сенімділік.
Бұдан бөлек, жұмыс үшін қажет файлдар мен бағдарламалар көбінесе түрлі қолданбалар мен қоймаларда орналасқандықтан, оларға қол жеткізу қиынға соғып жатады.
Сізге құжат айналымын автоматтандырып, қолданыстағы жүйемен интеграцияланатын, корпоративті деңгейдің қауіпсіз элементтері бар контентпен бірлесіп жұмыс істеуге арналған икемді шешім қажет.
Нәтиже – жұмыс процестерінің барлығын барынша жеңілдетіп, ең бастысына, яғни клиенттеріңізге зейін қоюға мүмкіндік беретін, бірыңғай және қорғалған жұмыс орны.

Бизнес-
артықшылықтар

Жеке баптау мүмкіндігімен біріздендірілген ортада зияткерлік әрі жылдам жұмыс істеуге мүмкіндік береді
Көпбұлттық гибрид ортада қолданбалардың оңтайлы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді
Пайдаланушылар жұмысының өнімділігін, қауіпсіздігін және жайлылығын арттыруға арналған аналитиканы қолдануға мүмкіндік береді

Жетістік оқиғалары

Үздік шешімдерді қолданыңыз. Демоға дәл қазір тапсырыс беріңіз

Өнімдер
мен шешімдер
Citrix Workspace и Citrix Virtual Apps and Desktops
Қызметкердің қай жерде орналасқанына, қай құрылғыдан қосылғанына және деректер жіберудің қай арналарын қолданғанына қарамастан, шешім қызметкерлер үшін қауіпсіз жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді
Citrix ADC
Қолданбаларды жеткізу контроллерлері – бұл серверлер жүктемесін теңгеру бойынша шешімді дамытудағы келесі кезең
Citrix ShareFile
Қызметкерлер қандай да бір бизнес процестерді орындай отырып, пайдаланатын файлдарды қауіпсіз сақтауды, алмасу мүмкіндігін және бірлесіп жұмыс істеуді қамтамасыз етуге арналған шешім
Жаңалықтар
Цифрландыру — бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт Алматыда «Цифрлық жаңғыру-2024» атты форумы өтті.
Жаңалықтар
X индустриясы: Болашақтың цифрлық эволюциясы Алматы, 6 ақпан 2024 2024 жылғы 1 ақпан мен 3 ақпан аралығында Алматыда «Цифрлық Алматы 2024: Индустрия X: болашақтың цифрлық эволюциясы» форумы өтті. Іс-шара әртүрлі…
Жаңалықтар
26 қазан, Баку Өткен бейсенбіде Бакуда жасанды интеллект және деректерді басқаруға арналған деректерді басқарудың келесі буыны атты семинар өтті. Деректер жаңа алтын және жасанды интеллект трансформация катализаторы ретінде бағаланатын дәуірде,…
Жаңалықтар
Rixos President Astana 5 қазанда Астанада бұлтты шешімдер және Қазақстандағы цифрландыру тақырыбында семинар өтті. Іс-шарада спикерлер деректерді басқарудың маңызды аспектілерін, қолданыстағы үлгілердің тиімділігін және Қазақстанда қолданылатын ең заманауи үлгілерді талқылады….
Продолжая пользоваться сайтом, вы даёте Согласие на автоматический сбор и анализ ваших данных, необходимых для работы сайта и его улучшения, использование файлов cookie.