Жаңа технологиялар мен бизнес бағыттарының қарқынды дамуы, сервистерді пайдалану кезінде клиенттерге барынша мүмкіндіктер мен ыңғайлылық ұсыну жүйелер мен бизнес-процестердегі ықтимал осалдықтарға әкеп соғуы мүмкін. Ал қаскүнемдер (fraudsters) болса, сол осалдықтарды алаяқтық мақсатта пайдалануы мүмкін. Ұйымның жүйелері мен бизнес-процестеріне ұйымнан тыс киберқылмыскерлер де, өз ішіндегі қара ниетті қызметкерлер де шабуыл жасауы мүмкін.
Дайын (“out-of-the-box”) бейімделетін NICEActimize антифрод-шешімдері әлемдік ірі қаржы ұйымдарындағы алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың нақты практикалық тәжірибесін шоғырландырады.
Actimize платформасы дайын аналитикамен бірлесіп немесе одан тәуелсіз жұмыс істейтін арнайы custom-антифрод-шешімдерді оңай әрі тез құруға мүмкіндік береді. Антифрод-шешімдерді құруға арналған Actimize платформасын пайдалану, қажет болғанда, шешімді сүйемелдеу мен дамыту бойынша сараптаманың барлығын тапсырыс берушінің ішкі командасына тапсыруға мүмкіндік береді. “Платформалық” тәсілдің тиімділігі түрлі салалардағы (төлемдер, қызметкерлер алаяқтығы, несие өтінімдері) жетекші компанияларға ойдағыдай енгізу арқылы расталған.