Деректер фабрикасы, көлі және қоймасы
Компания өз жүйелерінде жинақтаған деректерден қосымша құндылық алыңыз
Деректер фабрикасы, көлі және қоймасы – Data Fabric, Data Lake, DWH
Деректер қоймасы – оларды монетизациялау жолындағы алғашқы қадам. Стратегиялық есептілікке арналған деректерді жинап, солардың негізінде маңызды бизнес шешімдер қабылдаңыз.
Деректер көлі – күрделі деректермен және аналитикалық құрылымдардың кез келген түрленімімен жұмыс істеуге арналған бірыңғай орта. Соларға сүйеніп, компанияның даму траекториясын анықтайтын гипотезалар жасалады.
Деректер фабрикасы – data-өнім жасаудың жоғары жылдамдықты конвейері. Деректермен бәсекелестеріңізге қарағанда жылдам жұмыс істеп, нарықтың алды болыңыз.
«Жаңа платформа бізге банктің data-driven процестерін ғана емес, бұлттық платформа негізіндегі жаңа инновациялық AI сервистерін де құруға мүмкіндік беретін Қазақстан нарығындағы бірегей технологиялық өнім».
Big Data технологиясы базасындағы жоба бизнес тарапынан технологияға деген сенімді ұялатып, деректер фабрикасы негізінде клиенттермен алғашқы коммуникациядан соң үш айдан кейін банктің пайыздық табысын арттыруға мүмкіндік берген алғашқы нақты қаржы нәтижесін көрсетті
Инвестиция өтелімділігін 3 есе артырады
Кез келген цифрлық өнім жасауды жеделдетеді
Деректер сапасын 60% арттырып, олармен жұмыс істеуді жеңілдетеді
Шешімдер қабылдау тиімділігін арттырады
Өнімдер мен шешімдер
Axon Data Governance
Өнім барлық білімді біріктіруге, бизнес үшін ең маңызды ақпараттық активтердің жүйесін құруға және оларды өзекті күйде сақтауға мүмкіндік береді