Data Integration Platform

Деректерден практикалық құндылық алу үшін тез әрі икемді талдау мүмкіндігі бар үлкен деректер интеграциясына арналған шешімдердің алтын стандарты
Data Integration Platform

Өнім туралы

Informatica Data Integration Platform – компанияның бизнес мақсаттарын іске асыру үшін деректерді интеграциялау, синхрондау, деректер қоймасын құру, MDM-шешімдер, деректерді жаңа қолданбаларға көшіру, контрагенттермен ақпарат алмасу және т.б. салаларда компания алдында тұрған кез келген міндетті тиімді орындауға мүмкіндік беретін деректерді интеграциялаудың жетекші өнеркәсіптік платформасы.

Informatica өнеркәсіптік платформасын қолдану, әзірлеушілердің шағын тобымен деректер қоймасын құру бойынша процедуралардың барлығын қысқа мерзімде іске асыруға, ал бизнес-пайдаланушылар талап етсе, әзірленген процестерге оп-оңай өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді.

Бүкіл әзірлеменің бағдарламалау тәсілін қолданбай, визуал ортада жасалуы арқасында Informatica-да әзірленген процестер көрнекі түрде бейнеленіп, оларға оңай қолдау көрсетіледі.

Informatica өнеркәсіптік шешімдеріне бір рет инвестиция құйған компания кейін өскен кезде бизнесті қолдауды қамтамасыз ете алады. Ұсынылып отырған шешімдердің барлығы оңай масштабталады және компания клиенттерінің саны ондаған миллионға жетсе де, өз функцияларын бұрынғыдай сенімді түрде және жоғары өнімділікпен атқара бермек.

Informatica-ның лицензиялық саясаты бір лицензияны қолданып орындауға болатын жобалар санына шектеу қоймайды, сол себепті компания кейін жаңа жүйелерді енгізу кезінде деректерді көшіру, жүйелерді синхрондау, деректер қоймасын немесе көлін толтыру міндеттері сияқты нормативтік анықтамалық ақпаратты интеграциялау, басқару және деректер сапасын қамтамасыз ету саласындағы бастамаларды шешуге болатын әмбебап шешім алады.

Үздік шешімдерді қолданыңыз. Демоға дәл қазір тапсырыс беріңіз

Негізгі
мүмкіндіктер

Шешімнің жоғары өнімділігі және оны масштабтау мүмкіндігі
Интеграциялық жобаларды әзірлеудің визуал ортасы
Әзірлеудің жоғары жылдамдығы және өніммен жұмыс істеуді тез үйрену
Ағындық деректерді өңдеу мүмкіндігі (Каfka-мен бірлескен жұмысты қоса алғанда)
Іркіліс болған жағдайда автоматты түрде басқаруға және жарамдылықты қалпына келтіруге болатын, деректерді желілік көп серверлі өңдеу мүмкіндігі
Файлдардың кез келген типінен деректер алу мен трансформациялау және ақпараттық жүйелердің көпшілігіне жеткізу
Деректерді өңдеу үшін кластер ресурстарын оқуға, жазуға және пайдалануға арналған Hadoop компоненттерін толық қолдау
Әзірленген процестерді қолдау, сүйемелдеу және оларға өзгеріс енгізу оңайлығы
Сізге
қажет болуы мүмкін
Axon Data Governance
Корпоративтік деректерді басқаруға және жаңа буынның Data Governance бастамаларын іске асыруға арналған платформа
Informatica Enterprise Data Catalog
Шешім деректер сапасын талдауға, деректерді стандарттауға және тазалауға, телнұсқаларды анықтауға, мониторинг жүргізуге және деректер сапасы бойынша есептілік алуға мүмкіндік береді
Жаңалықтар
Цифрландыру — бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт Алматыда «Цифрлық жаңғыру-2024» атты форумы өтті.
Жаңалықтар
X индустриясы: Болашақтың цифрлық эволюциясы Алматы, 6 ақпан 2024 2024 жылғы 1 ақпан мен 3 ақпан аралығында Алматыда «Цифрлық Алматы 2024: Индустрия X: болашақтың цифрлық эволюциясы» форумы өтті. Іс-шара әртүрлі…
Жаңалықтар
26 қазан, Баку Өткен бейсенбіде Бакуда жасанды интеллект және деректерді басқаруға арналған деректерді басқарудың келесі буыны атты семинар өтті. Деректер жаңа алтын және жасанды интеллект трансформация катализаторы ретінде бағаланатын дәуірде,…
Жаңалықтар
Rixos President Astana 5 қазанда Астанада бұлтты шешімдер және Қазақстандағы цифрландыру тақырыбында семинар өтті. Іс-шарада спикерлер деректерді басқарудың маңызды аспектілерін, қолданыстағы үлгілердің тиімділігін және Қазақстанда қолданылатын ең заманауи үлгілерді талқылады….
Продолжая пользоваться сайтом, вы даёте Согласие на автоматический сбор и анализ ваших данных, необходимых для работы сайта и его улучшения, использование файлов cookie.