Сан.Деректер. Бұлттар: Қазақстандағы ахуал және даму перспективалары
Rixos President Astana
5 қазанда Астанада бұлтты шешімдер және Қазақстандағы цифрландыру тақырыбында семинар өтті.
Іс-шарада спикерлер деректерді басқарудың маңызды аспектілерін, қолданыстағы үлгілердің тиімділігін және Қазақстанда қолданылатын ең заманауи үлгілерді талқылады.
Спикерлер арасында Informatica, KPMG, DIS Group, ERG, «ҚазМұнайГаз» және «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» РҚБ-ның электронды үкімет архитектурасы орталығының өкілдері болды.
Шараға деректерді тиімді пайдануға бағытталған мемлекеттік сектор, өнеркәсіп саласы, банктер және басқа да ұйымдар өкілдері қатысты. Қатысушылар өз ұйымдарында әртүрлі деректер жүйелерін енгізу, шығындарды оңтайландыру және монетизацияны арттыру тәжірибесімен бөлісті.
Жеке күн тәртібі бұлтқа жалпы көшу болды. Спикерлер бұлтты шешімдерге көшу негізгі тренд пе, әлде қысқа мерзімді мода ма деп талқылады. Көптеген адамдар үшін көшу – олардың ұйымдарындағы технологияны дамытудағы жаңа қадам.