Құпиялылық саясаты
Осы Құпиялылық және дербес деректерді өңдеу саясаты www.dis-group.world сайтының иесі «Дата Интегрейшн Софтвер КЗ» ЖШС, бұдан әрі «Оператор» және «Пайдаланушы» арасында жасалған жария Шарт болып саналады. Осы Құпиялылық саясаты «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы N 94-V заңына негізделген, www.dis-group.world сайтын пайдаланған кезде «Оператор» «Пайдаланушы» туралы ала алатын барлық ақпаратқа қатысты қолданылады. Осы Құпиялылық саясатының қолданыстағы редакциясы Интернет желісінде мына мекенжай бойынша тұрақты түрде қолжетімді: www.dis-group.world.
1. Терминдердің анықтамалары
1.1. «Сайт» — Интернет желісінде www.dis-group.world мекенжайы бойынша орналасқан сайт. Сайтқа және оның жекелеген элементтеріне (бағдарламалық құралды, дизайнын қоса алғанда) барлық айрықша құқық толық көлемде Операторға тиесілі. Пайдаланушыға айрықша құқықтарды беру осы Құпиялылық саясатының мәні емес.
1.2. «Сайт әкімшілігі» – дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыратын және (немесе) жүзеге асыратын, сондай-ақ дербес деректерді өңдеу мақсаттарын, өңделуі тиіс дербес деректердің құрамын, дербес деректермен жасалатын әрекеттерді (операцияларды) белгілейтін, «Дата Интегрейшн Софтвер КЗ» ЖШС атынан әрекет ететін, Сайтты басқаруға уәкілетті қызметкерлер.
1.3. «Пайдаланушы» — Сайтты пайдаланатын тұлға.
1.4. «Заңнама» — Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы.
1.5. «Дербес деректер» — Пайдаланушы тіркелген кезде немесе Сайттың функционалын пайдалану барысында өз бетінше беретін Пайдаланушының дербес деректері.
1.6. «Жеке емес деректер» – Пайдаланушы жарнамалық блоктарды қарағанда және жүйенің статистикалық скрипті (пиксель) орнатылған беттерге кірген кезде, автоматты түрде берілетін мәліметтер.
1.7. Дербес деректерді өңдеу – дербес деректерді жинауды, жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды, пайдалануды, беруді (таратуды, беруді, қол жеткізуді), иесіздендіруді, блоктауды, алып тастауды, жоюды қоса алғанда, автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай, дербес деректермен жасалатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы.
1.8. Сайттың сервистері – Сайтта пайдалануға болатын Сайттың функционалдық мүмкіндіктері.
1.9. Деректерді жинау – Пайдаланушының қажетті мәліметтерді көрсету арқылы Сайтта орналасқан деректерді жинау нысанының жолдарын толтыруы.
1.10. Деректерді жинау нысаны – Сайтта орналастырылған, жолдар топтары бар нысан, оны Пайдаланушы Операторға ақпарат беру үшін толтыруы керек.
1.11. Дербес деректердің құпиялылығы — Сайт әкімшілігі немесе дербес деректерге қол жеткізген өзге тұлға орындауға міндетті болып табылатын дербес деректер субъектісінің келісімінсіз немесе өзге де заңды негіздемесіз олардың таралуына жол бермеу талабы.
1.12. «Оператор» — www.dis-group.world Сайтының иесі — «Дата Интегрейшн Софтвер КЗ» ЖШС
1.13. Cookies — веб-сервер жіберген және Пайдаланушының компьютерінде сақталатын, веб-клиент немесе веб-браузер веб-серверге Сайттың бетін ашуға тырысқан кезде HTTP-сауалда жіберетін деректер бөлігі.
1.14. IP-мекенжай — компьютерлік желідегі тораптың бірегей желілік мекенжайы.
2. Жалпы ережелер
2.1. «Операторға» дербес деректерді және өзге деректерді «Сайт» арқылы бере отырып, «Пайдаланушы» осы Құпиялылық саясатында баяндалған талаптармен көрсетілген деректерді пайдалануға келісімін беретінін растайды.
2.2. Егер «Пайдаланушы» осы Құпиялылық саясатының талаптарымен келіспесе, ол «Сайтты» пайдалануды тоқтатуға міндетті.
2.3. «Оператордың» Сайтында басқа веб-сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. «Оператор» басқармайтын веб-сайттардың құпиялылық тәжірибесі үшін «Оператор» жауап бермейтінін ескеруіңізді сұраймыз. Қандай да бір жеке ақпаратты жинайтын әрбір веб-сайттың құпиялылық саясатымен танысуыңызға кеңес береміз. Бұл Құпиялылық саясаты «Оператор» осы «Сайттың» аясында жинаған ақпаратқа ғана қолданылады.
3. Құпиялылық саясатының мәні
3.1. Осы Құпиялылық саясаты «Пайдаланушы» «Сайтта» нысанды толтырған немесе сайттың кез келген Сервистерін пайдаланған кезде «Операторға» беретін дербес деректердің құпиялылығын қорғау режимін жария етпеу және қамтамасыз ету жөніндегі «Оператордың» міндеттемелерін белгілейді.
3.2. Осы Құпиялылық саясатының аясында өңдеуге рұқсат етілген «Дербес деректер» мынадай ақпаратты қамтуы мүмкін:
3.2.1. «Пайдаланушының» тегі, аты, әкесінің аты;
3.2.2. «Пайдаланушының» байланыс телефондары;
3.2.3 электрондық пошта мекенжайы (e-mail);
3.2.4. деректерді жинау нысандарында сұралатын өзге ақпарат.
3.3. «Сайт» келесі «Жеке емес деректерді» қорғайды:
3.3.1. IP-мекенжай;
3.3.2. cookies ақпараты;
3.3.3. браузер (немесе жарнаманы көрсетуге қол жеткізетін басқа бағдарлама) туралы ақпарат;
3.3.4. кіру уақыты;
3.4. Cookies файлдарын өшіру «Сайттың» бөліктеріне кіре алмауға әкелуі мүмкін.
3.5. «Сайт» оған Кірушілердің IP-мекенжайлары туралы статистиканы жинайды. Бұл ақпарат техникалық мәселелерді анықтау және шешу үшін қолданылады.
3.6. Осы Құпиялылық саясатының 5.2 және 5.4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоғарыда ескертілмеген кез келген басқа жеке ақпарат (сатып алу тарихы, пайдаланылатын браузерлер мен операциялық жүйелер және т. б.) сенімді сақталуы және таратылмауы тиіс.
4. «Дербес деректерді» жинау мақсаттары
4.1. «Оператор» «Оператордың» қызметтерін көрсету және «Пайдаланушымен» өзара әрекеттесу үшін қажет «Дербес деректерді» ғана жинайды және сақтайды.
4.2. «Дербес деректер» келесі мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін:
4.2.1. «Пайдаланушыға» қызмет көрсету;
4.2.2. «Пайдаланушыны» сәйкестендіру;
4.2.3. «Пайдаланушымен» өзара әрекеттесу;
4.2.4. «Пайдаланушыға» жарнамалық материалдарды, ақпаратты және сауалдарды жолдау;
4.2.5. статистикалық және өзге де зерттеулерді жүргізу.
2.3. «Пайдаланушыға» «Сайтта» үшінші тұлғалардың дербес деректерін көрсетуге тыйым салынады (мұндай әрекеттерді жүзеге асыруға үшінші тұлғалардың құжаттамалық растамасы бола отырып, осы тұлғалардың мүдделерін білдіру жағдайларын қоспағанда).
5. «Дербес деректерді» өңдеу тәртібі мен мерзімдері
5.1. «Пайдаланушының» дербес деректерін өңдеу мерзімі шектелмей, кез келген заңды тәсілмен, соның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай, дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылады.
5.2. «Оператор» «Дербес деректерді» «Дербес деректер туралы» Қазақстан Республикасының заңына және «Оператордың» ішкі құжаттарына сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
5.3. «Оператор» «Дербес деректерді» және «Жеке емес деректерді» «Пайдаланушының» келісімінсіз келесі тұлғаларға беруге құқылы:
5.3.1. мемлекеттік органдарға, соның ішінде анықтау және тергеу органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына олардың дәлелді сауалдары бойынша;
5.3.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген өзге де жағдайларда.
5.4. «Оператор» «Дербес деректерді» осы Құпиялылық саясатының 5.3-тармағында көрсетілмеген үшінші тұлғаларға келесі жағдайларда беруге құқылы:
5.4.1. «Пайдаланушы» осындай әрекеттерге өзінің келісімін білдірді;
5.4.2. беру «Пайдаланушының» «Сайтты» пайдалануы немесе «Пайдаланушыға» қызмет көрсету аясында, соның ішінде «Оператордың» өзін қызықтыратын қызметтері туралы нақтылау мақсатында «Пайдаланушымен» өзара әрекеттесу үшін қажет.
6. Дербес деректерді қорғау
6.1. Оператор Заңнамаға сәйкес Дербес және өзге де деректерді тиісті қорғауды жүзеге асырады және Дербес деректерді қорғау үшін қажетті және жеткілікті ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қолданады
7. Өзге ережелер
7.1. Осы Құпиялылық саясатына және Құпиялылық саясатын қолдануға байланысты туындайтын «Пайдаланушы» мен «Оператор» арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
7.2. Осы Келісімнен туындайтын барлық ықтимал дау «Оператордың» тіркелген жері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілуі тиіс.
Сотқа арыз берер алдында «Пайдаланушы» сот тәртібіне дейінгі барлық өзара әрекеттесу шарасын сақтауы және «Операторға» тиісті шағымды жазбаша түрде жіберуі тиіс. Шағымға жауап беру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
7.3. Егер қандай да бір себептермен Құпиялылық саясатының бір немесе бірнеше ережесі жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл Құпиялылық саясатының қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданысына әсер етпейді.
7.4. «Оператор» «Пайдаланушымен» алдын ала келіспей, Құпиялылық саясатын (толық немесе бір бөлігін) кез келген уақытта біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Барлық өзгеріс ол «Сайтта» орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
7.5. «Пайдаланушы» «Оператордың» «Сайтындағы» өзекті нұсқасымен танысу арқылы Құпиялылық саясатының өзгерістерін өз бетінше қадағалап отыруға міндеттенеді.
7.6. Осы Құпиялылық саясаты бойынша барлық ұсыныс немесе сұрақ info@dis-group.world электрондық поштасы арқылы немесе Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 15-үй, 4В блогы, 1701-кеңсе мекенжайы бойынша немесе +77273115331 телефоны арқылы хабарлануы тиіс.